"Педагог мәртебесі туралы" тақырыбында педагогикалық кеңес

2020 ж. 17 қаңтар күні "Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақша" МКҚК-да "Педагог мәртебесі туралы" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Бұл тақырыптың өзектілігі айқын, өйткені бүгінгі күні білім беру жүйесінің алдында, ҚР Президентінің алдында тұрған маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі - біздің педагогтарға қамқорлық.