20-21 қаңтар күндері Павлодар қаласының №2 ЖОББМ ұйымдастыруымен
«Жаңа жобаларды енгізу - түрлі жастағы балаларды әлеуметтендірудің тиімді жолдарының бірі» тақырыбында облыс көлеміндегі мектеп басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өткізілді. Семинар барысында НЗМ іс тәжірибесінен енгізілген жобалардың тиімділігі жайлы, қаншалықты іске асырылғаны жайлы айтылып өтті. Атап өтетін болсақ: «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Мамандықтар әлемінде», «Ақпараттық жиындар», «Кітаппен сырласу», «Туған жерге тағзым», «Рейтинг», «Патриоттық әндер» жобалары.
Оқу жылының басында оқушылардың апталық жұмыс циклограммасы бекітілді. Ол циклограмма бойынша, таңертең оқушылар мектепке келгенде, сабақ алдындағы 5 минуты арнайы ұйымдастырылған түрде өткізіледі.
Семинар барысында тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер талданды. Қатысушылар өз пікірлерін айтып, кері байланыс жасады.
Облыстық семинар-практикум өтті