"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 10 наурызда қашықтық форматта оқушылардың қалалық математикалық олимпиадасын өткізді, оған қаланың 40 мектебінен 5-6 сыныптарының 153 оқушысы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және математика пәні бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.
Олимпиада Google формасындағы 15 тест сұрағынан тұрды. Олимпиада қатысушыларына арналған тапсырмаларды ЖОО оқытушылары әзірледі.
Олимпиада тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз болып танылды.
Олимпиаданың нәтижесінде мектебіміздің 5-сынып оқушылары Ілияс Нұрдәулет пен Социалова Дильназ жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Оқушыларымызды және жетекшілері Әсел Секенқызы мен Бибігүл Калиярдамқызын құттықтаймыз.