Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының бастамасына сәйкес «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020-2021 оқу жылы жаңа инновациялық жоба – 8-11 сынып оқушыларына арналған І облыстық гуманитарлық олимпиадасын әзірледі.
Аталмыш зияткерлік шара – Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті бойынша оқушылардың білімдерін жүйелендіруге, мектептік бағдарламаға еңгізілмеген көркем әдебиет шығармаларымен таныстыруға бағытталған пәнаралық олимпиада.
Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту; оқушылардың өз халқыныңтарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.
І облыстық гуманитарлық олимпиада 2021 жылғы 12 наурызда онлайн режимде Goоgle-disk платформасында өткізілді. Шараға 148 оқушы қатысты, оның ішінде 49 – дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, 78 – аудандардан, 21 - Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан.
Нәтижесінде біздің мектебіміздің оқушылары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олар:8 «А» сынып оқушысы Дюсембаева Томирис пен 9 «А» сынып оқушысы Акишпаева Аделя жүлделі ІІ-орынға ие болды.
Оқушыларымызды, ата-аналарын және жетекшілері Қанағат Советұлы, Гүлнар Калиханқызы, Жаңыл Шакарқызы құттықтаймыз!