Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа баратын № 32 және № 37 балабақшалар түлектерінің ата-аналарымен онлайн-кездесу
30-03-2021 16:56
2021-2022 оқу жылы  1-сыныпқа баратын № 32 және № 37  балабақшалар түлектерінің ата-аналарымен онлайн-кездесу

2021 жылғы 12-13 наурызында №2 жалпы орта білім беру мектебі мен №32, №37 балабақша ата-аналарымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында ата-аналарға №2 ЖОББМ туралы презентация ұсынылды. Мектептің материалдық-техникалық базасы, педагог кадрлары, оқушылар мен мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық жетістіктері, мектептің жұмыс тәртібі туралы ақпарат берілді.  2021-2022 оқу жылы 1-сыныптарды қабылдайтын мұғалімдер жеке аталып, ата-аналармен таныстырылды. Сонымен қатар, 1-сыныпқа қабылдау тәртібі, қажетті құжаттар туралы айтылды.

Жиналыс соңында ата-аналар 1-сыныпқа қабылдауға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. «Балам орысша ойлайды, қазақ мектебінде оқуды алып кете ала ма?», «6 жастан қабылдайды ма?», «Гимназиялық сыныптарға іріктеу болады ма?», «Бала бірінші сыныпқа дейін нені меңгеруі керек?» деген сынды сұрақтар талқыланып, оларға толық жауаптар берілді.

Жиналыс барысында ата-аналар мектепке қызығушылық танытқандары байқалды.