"Қазақ халқының ұлы ұстазы" атты әдеби кеш
![](/media/img/blogs/63a00d71524e0.png)
⚜️Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында 5 сынып оқушылары арасында "Қазақ халқының ұлы ұстазы" атты әдеби кеш өткізілді.
⚜️Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту. Әдеби кеш барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынов өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, мысал өлеңдерінен көрініс көрсетіп, оқыған шығармалары бойынша салған суреттерімен бөлісті.