«АҚТҚ» (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) және «ЖҚТБ» (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) тақырыбында
“Аққу” клубы аясында №5 қалалық емхана дәрігері (гинеколог) Таукибаева М.Ж., мектеп педагог-психологі Абешева М.Б. қатысуымен оқушылар арасында «АҚТҚ» (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) және «ЖҚТБ» (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) тақырыбында дәріс оқылды.
Дәріс барысында жасөспірімдердің денсаулығы, тәрбиесі, тазалығы мен тәртібі жайлы әртүрлі бейне роликтер көрсетілді. Оқушылар гинеколог, психолог мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардың кәсіби жауаптарын тыңдады және пікір алмасып, ой бөлісті.