"Дебат технологиясы - жаңа заман талабы" тақырыбында семинар
Тарих мұғалімі және "Дебат" клубының жетекшісі Қ.С.Ергалиев мектеп педагогтеріне "Дебат технологиясы - жаңа заман талабы" тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында пікірсайыс тақырыптарын, ойын барысын егжей-тегжейлі түсіндіріп, дебат барысында қолданылатын терминдермен таныстырды. Сонымен қатар дебат технологиясының білім сапасын көтерудегі маңызын ерекше атап өтті. Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан оқушылар бос уақыттарында кітап оқуға құлшыныстары артқанына да тоқталды.