Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ерте кәсіптік білім беру бойынша мектептің жұмыс тәжірибесі
27-02-2023 21:56
Ерте кәсіптік білім беру бойынша мектептің жұмыс тәжірибесі

Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті № 2 ЖОМ-да «Ерте кәсіптік бағдар беру – оқушыны әлеуметтендірудің негізі» тақырыбында сараптамалық кеңес өткізді. 40-қа жуық басшы орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері мен «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының басшысы Р.Д. Ашимбетова қатысты.

Сараптамалық кеңесте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменовна Нұрахметова сөз сөйледі. Өз сөзінде оқушыға ерте кәсіптік білім беру - педагогтердің, психологтердің, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс екендігін атап өтті. Р.Д. Ашимбетова алынған тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігін алға тартып, мектептің инновациялық жұмысының тәжірибесін қаланың басқа мектептерінде де пайдалануға ұсыныс білдірді.

№ 2 ЖОМ педагогикалық ұжымының ерте кәсіптік білім беру бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Мектеп басшысы Гүлшакер Қабдылманатқызы Бельгибаева, бүгінгі таңда әрбір оқушының жеке  қабілеттері мен ерекшеліктерін , мүмкіндіктерін, шеберлігін, қызығушылығын ескеріп, бағыт-бағдар беру, жекелеген мамндықтар туралы терең білім беру - мектептің басты міндеті екендігіне басты назар аударды. Басшының орынбасарлары Шарденова Жадыра Боранғазықызы мен Токешова Алтынай Жумановна "Ерте кәсіптік бағдар беру – оқушыны әлеуметтендірудің негізі"  тақырыбында коучинг өткізіп, Тыныс Қаирбекқызы «Мектеп пен жұмыс беруші арасындағы ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбие жүйесін ерте кәсіби бағдар беруге бейімдеу» тақырыбындағы жобаны іске асыру аясында нормативтік-құқықтық база және атқаралып жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Сараптамалық кеңестің екінші бөлімінде бастауыш сынып мұғалімі А.М.Жапарова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.К.Сапина және химия пәнінің мұғалімі А.А.Омарова ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтың ерекшелігі 11 сыныпта оқитын «педагогикалық сынып» оқушылары мұғалімге көмекші ретінде сабақтың бір кезеңдерін өткізді. Мектептің 1-қабатында «Менің хоббиім – менің мамандығым» тақырыбындағы оқушылардың көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің бос уақытында айналысатын ғылыми ізденіс, шығармашылық, өнер және техникалық бағыттағы жұмсытарын таныстырды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әсем Мұратқызы Жұманова «Мен таңдаған мамандық» тақырыбындағы театрландырылған қойылымын ұсынды. Рефлексия еркін микрофон түрінде өтті. Сараптамалық кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық ұжымға Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сертификаттары табысталды.