Кәсіби бағдар
![Кәсіби бағдар](/media/img/blogs/64118826165fd.png)
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында 2023 жылдың 24-ақпан күні 9 "Б" сынып оқушылары "Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің" қызметімен танысып қайтты. Полиция подполковнигі Канапиянов Дастан Жахангизұлы бөлімнің қызметімен таныстырып, оқушыларға жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде атқарылатын іс-шараларды теориялық және практикалық тұрғыда көрсетті.