"Денсаулық - зор байлық"
3 "Ә" сыныбында 10 қыркүйекте "Денсаулық күніне" байланысты ата-аналармен бірлесіп "Әкем, шешем және мен" атты сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайысқа 3 жұп: "Ақ көгершіндер", "Сұлтандар", "Жүйріктер" қатысты. Сайыста әр отбасы өздерінің спортқа деген көзқарастарын, алғырлықтарын, ептіліктерін көрсете алды. Сынып жетекшісі Сейтова А.Қ. сайыстың шарттарын, дұрыс орындалуын қадағалай отыра жүргізді. Сайысқа қатысқан ата-аналарда, оқушылар да, көрермендер де жақсы әсер алды. Сайысқа қатысқан отбасылары 1, 2, 3 орындарды иеленіп, отбасыларына көңілді оралды. Ата- аналар тарапынан келген адамдар осындай сайыстарды жиі өткізсеңіздер деген ұсыныс жасады.