Бастауыш сыныптарының қалалық семинары
23.04.12 ж. күні сағат 15.00-де № 2 ЖОББМ-нде «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту» технологиясы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалалық семинары өтті. Семинарға қала мектептерінен 17 мұғалім қатысты. Семинар барысында практикалық бөлімінде осы технология бойынша 3 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті, теориялық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімі М.Ш. Қазанғапова «Жеке тұлғаға бағыттылған оқыту технологиясы арқылы сабақ үстіндегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбына баяндама жасады. Семинарға жетекшілік еткен ҚБББ әдіскері Ш.Ш. Қайырғазина.