Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақ фольклоры» апталығы
17-05-2012 06:45

07.05 – 11.05.12 ж. күндері аралығында мектепте «Қазақ фольклоры» апталығы аясында «Қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелері» тақырыбы бойынша іс-шаралар өткізілді. Апталық қазақ тілі мен әдебиет және бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен өтті. Мектеп оқушылары іс-шараларға қатысуда өз белсенділіктерін танытты. Апталық барысында келесі шаралар жүргізілді:

1. 4 сынып оқушылары арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы – жауапты мұғалімдер Естаева А.У., Бұшымбаева М.Х., Намазбаева Р.Ж.

2. 1сынып оқушыларының күшімен «Ертегілер әлемінде» атты сахналық көріністер ұйымдастырылды. Жауаптылар – Намазбаева С.Қ., Қазанғапова М.Ш., Тоқжігітова А.Қ.

3. 2 сынып оқушыларымен «Сөз маржаны» сайысы өткізілді. Жауаптылар – Омарова Н.С., Смағұлова Б.Б.

4. 5 – 11 сынып оқушылары арасында «Шешендік сөздер – құнды мұра, асыл қазына» интеллектуалдық сайыс өтті. Жауаптылар – Тиынтай А.Т., Рахметова Ү.І.

Апталық «Қазақ халқының көркемөнерпаздық мәдениеті» атты салтанаттық  шарамен аяқталды. Жауаптылар – Зорький Ж., Қалымова Ж.Ш., Рамазанова Е.Х., Сағындықова Б.Ю., Сейітова А.Қ., Жапарова А.М.

Барлық шаралардың өтуіне көп үлес қосқан музыка мұғалімі Байдильдинова А.Н.

Әр шараның қорытындысы шығарылып, тақырыпқа байланысты білімдерін жоғары деңгейде көрсеткен оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.