Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мейірімді жаз- 2012»
14-07-2012 04:40

         Біздің мектеп жанындағы лагерьдің екінші  кезеңі  «Еліміздің рәміздеріне 20 жыл» толуына  орай патриоттық рухта тәрбие беру   жұмыстарын атқарып жатыр. Мектеп жанындағы лагерь оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етсе, сондай-ақ әлеуметтік түсінік-қабілетін дамытуға негіз болады, олар алған тәжірибесін кез келген ұжымда қолдана отырып, соңында оқу іс-әрекетінде де қарым - қатынас жасай алады. Еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік жасалған.                                                                                                                                                                                           Лагерь балаларына патриоттық тәрбие беру әр күнгі өтілген шаралардан айқын байқалып отырды. Соның бір дәлелі топтар арасында «Көңілді сөре» сайысы, әскери патриоттық сайыс «Зарница» сияқты жарыс түрлері өтілді. Бұл сайыстарда  «Балдырғандар» тобы ерекше алғырлық танытып, алға шықты. Астанамыздың туған күніне орай «Елбасымыздың мәртебесі өсе берсін» және «Астанам, мақтанышым» атты үлкен шаралар өтілді. Бұл мерекелік шараға ата – аналарды, мектеп шағынауданының тұрғындарын көрермен ретінде шақырдық. Барлықтары дән риза болып, алғыстарын білдірді. Концертпен ғана шектелмедік, балалар «Жайнай берші, Астана!» тақырыбына сурет салып, көрме ұйымдастырды. Мазмұнды, әдемі салынған суреттерді  марапаттадық. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қалалық СӨС орталығының өкілдерін шақырдық. Олар «Фаст – фуд денсаулықтың қауіпті жауы», «Тиімді тамақтану»  тақырыптарына баяндамалар оқып, тренингтер өткізді. Күнделікті өтілетін шарамызға тәрбиешілер, балалар болып бірдей атсалыстық.