Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Денсаулық фестивалі
17-09-2012 02:56
Денсаулық фестивалі

Мектебімізде қыркүйектің 03-і мен 08-і  аралығында Денсаулық фестиваліне арналған апталық өтті. Апталықта әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Күндегі таңертеңгі уақыт спорт алаңына шығып, жаттығу жасаудан басталып отырды.

6 қыркүйек күні ПМПИ дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы, педагогика ғылымының докторы, профессор, академик, Павлодар облысы еркін күрес Федерациясының аға бапкері, халықаралық спорт шебері, 29-30 Олимпиаданың Қазақстан құрама командасының бапкерлер мүшесі Усин Жанат Амангелдіұлы, ДзюдоданПавлодар облысы  құрамасының мүшесі, Дзюдодан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, спорт шебері  Ержанова Назира Маратқызы, Қазақстан Республикасы Спартакиадасының 2 мәрте жүлдегері Тургиев Елмұрат және салауатты өмір салты орталығының маманы Роза Шарафатқызы Нұрахметованың қатысуымен ашық салтанатты жиын өткізілді. Жиында мектептің спортсмендерінің шеруі өтті. Салтанатты жиын аяқталған соң спортсмендермен кездесу, салауатты өмір салтына байланысты ашық сынып сағаты және көңілді жарыстар өткізілді. Осындай іс-шаралардан кейін оқушылар салауатты өмір салтын қолдайтынына сенімдіміз.