Ата-аналармен жұмыс
Мектебімізде 27 қыркүйек күні бастауыш сыныптардың ата-аналарымен, 28 қыркүйекте 5-11 сыныптардың ата-аналарымен жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, оқу жылының басталуы, жалпылай оқыту, мектепте ыстық тамақтың ұйымдастырылуы және үйірмелер мен секциялар жұмысы қарастырылды. Ата-аналар міндеттері мен оқушылардың мінез-құлық ережелері таныстырылды.