Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың ғылыми жобалары ауыл шаруашылығына
30-10-2008 18:00

Қазақстанның көптеген аймақтары климаттың құрғақтығына байланысты жер өңдеудің тәуекел ету зонасына жатады. Сондықтан да Қазақстан Республикасында жер өңдеудің басты міндеттерінің бірі топырақтағы ылғал қорын молайту және оны тиімді пайдалану шараларын өткізу.

Павлодардағы АШҒЗИ ғалымдары, биология ғылымдарының кандидаты Б.А.Мұстафаев, А.Н.Золотарев және басқалармен қар тоқтату үшін МОН-4 құралының көмегімен орып алған жердің сабағын жаппай қалдыруға негізделген жаңа технология жасалып, тексеруден өткен. Мұндай егістікте бір метрлік қабатта себу кезінде ылғалдың деңгейі 120-130 мм құрайды.

«Иртышское» тәжірибе- егістік шаруашылығында байқау өткізген жылдары (1989ж.,1993ж.) жаздық бидай өнімінің түсімі орташа 4 ц/га, ал құрғақшылық жылдары (1991ж., 1992ж.) 11,5-12 ц/га құрады.

Ылғалды ұстап қалудан басқа орып алған жерде қалдырылған сабақ белгілі бір мөлшерде басқа мәселені де шешеді—топыраққа сабансабақ ретінде органикалық заттың қайтып келуі.

Бір жыл бойы 11 «А» сынып оқушысы Ұрманов Нұрсұлтан және мұғалімдер Хамитова Гүлмира Жапарқызы, Омарова Ақгүл Алтыбайқызы биология ғылымдарының кандидаты Б.А.Мұстафаевтың жетекшілігімен күздік бидайды өңдеу үшін алдындағы дақылдың сабағын қалдыру негізінде қар тоқтату арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар ауылшаруашылық мәселелерін шешеді

Павлодар қаласындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінде үш жыл бойы директордың орынбасары Н.И.Джежораның басқаруымен оқушылардың “Бұлақ” атты ғылыми қоғамы жұмыс істеп келеді. Жуықта 11 “А” сынып оқушысы Ұрманов Нұрсұлтан Инновациялық Еуразия университеті ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Бұл конференцияда Урманов Нұрсұлтанның жұмысы жоғары бағаланып, табиғи жолмен қар тоқтату арқылы мол өнімге қол жеткізуге болатындығы туралы қалалық басшыларға жеткізуге ұсыныс жасалды.

№ 2 жалпы орта білім беру мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Ұрманов Нұрсұлтан мектеп телімінде ғылыми зерттеу жүргізді, оның мақсаты қар тоқтатудың күздік бидайдың «Стекловидная 24» және «Қарлығаш» сорттарына ықпалын байқау болды.Табиғи қар тоқтату үшін орып алған жердің сабағын 40-45 см етіп қалдырды.

Нұрсұлтан оң нәтижеге қол жеткізіп, мынадай қорытындылар жасады:

1. Ылғал жинаудың бұл амалы күздік бидайдың екі сортының да өсуіне, дамуына, өнімінің қалыптасуына айтарлықтай ықпал ететіндігі байқалды.

2. «Стекловидная 24» сорты өнуі, дамуы, өнімнің дамуы, яғни көрсеткіштері жағынан «Қарлығаш» сортынан асып түседі.

3. Ылғал жинау тәсілдерін сақтаған жағдайда күздік бидайдың «Стекловидная 24» сорты неғұрлым тиімді (төзімді, аймақтың қатал жағдайына бейімделгіш және жоғары өнімді) болып саналады. Және де бұл сорт өнімділігі жағынан жаздық бидайдың сорттарымен бәсекелесе алады.

Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша біз экологтарға, қалалық жасыл желек қызметкерлеріне мынадай ұсыныс жасаймыз:

Табиғи қар тоқтату тәсілін қала газондарында, гүл бақтарында, саябақ пен скверлерде мәдени өсімдіктердің қалдықтары мен түскен жапырақтардың биіктігін 20-30 см етіп қалдырып байқап көру;

Бұл технологияны пайдалану басқа да бірқатар мәселелерді шешеді:

1. Қураған өсімдік пен түскен жапырақтың органикалық зат ретінде топыраққа қайтып келуі.

2. Түскен жапырақ пен мәдени өсімдіктердің қалдықтарын құрту мәселесі жойылады.

3. Көктем-жаз уақытында суғару машинасын пайдаланудың қажеті жоқ. Табиғи жолмен топырақтағы ылғалды сақтау қаржыны үнемдеуге көмектеседі.