Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
06-05-2013 06:05
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық

   Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.  Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Осы  сабақтастық аясында Павлодар қаласы №2 ЖОББ мектебінің 4 «В» сыныбы  сынып жетекшісі Зорький Жанаргул   №122, №17 балабақшалар және  «Мерей » шағын орталығындағы 2 топпен  сабақтастық ұйымдастырдық.Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі *балалардың білуге деген құмарлығын дамыту; * балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту; *балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту; * тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу) мақсатында ұйымдастырылған сабақта балалар мектепке саяхат қана жасамай  ашық сабаққа белсене қатысып, «Мен оқушы боламын....» - деген ой түйіп қайтты.