«Күншуақты қала»
1- маусымда «Күншуақты қала»жазғы сауықтыру лагері «Біз бақытты балдырған» ән шашу әнімен ашылды.
«Мейірімді балалар» атты шағын көрініс көрсетіліп,бақытты балалар мәз-мәйрәм,жүздерінде қуаныш оты лаулап тұрды. «Балдай тәтті-балдаймыз, «Күншуақты» таңдаймыз!» деп өз өнерлерін,осы күнге арналған билерін ортаға салады. «Күншуақты қала» жазғы сауықтыру лагері балалар денсаулығын нығайту барысында Облыстық «Салауатты өмір салты» орталығымен өте тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Лагерь ашылуында жоғарыда аталған орталықтан Р.Ш. Нұрахметова қонақ болып, жылы лебізін білдірді.