«Жайдарман» әзіл-ысқақ күні
10 маусым «Жайдарман» әзіл-ысқақ күні таңертеңгі жаттығудан басталды.Таңғы астан соң топтарына барып, іс-шараға дайындалды. «Бұхар Жырау» мұражайынан қуыршақтар киімін киген қонақтар келіп,балалармен ойындар ойнап,би биледі. Әзіл – ысқақ күні болғандықтан күлдіргі көріністер қойылымы,қызықты өлең жолдарын құрастырып,соны қимыл – қозғалыс арқылы көрсетті. «Ойнайық та,күлейік» атты әзіл-ысқақ күні өте қызықты,тартымды өтті.Іс – шараға қатысқан балалар мадақтамамен марапатталды.