«Сұлулық пен әсемдік»
12 маусым «Сұлулық пен әсемдік» күні. Таза ауадағы жаттығудан кейін таңғы астарын ішті. 1, 2, 4-топтар «Ашық аспан аясында» мұражайына, ал 5, 6-топтар «Майра» мұражайына барып, өнер адамдары жайлы мағлұматтар алды. Әсем әуенді музыкалық аспаптармен танысты. Көне аспаптарды қолдарымен ұстап, өнер шеберлері жайлы мәліметтерге қанық болды. Музыкалық қабілеттерін тексеруге арналған ойын түрлері ұйымдастырылды. Жеңімпаз балаға мадақтама берілді.