«Музыка күні»
18 маусым «Музыка күні» таңертеңгілік жаттығудан басталды.Таңертең балалар Ш.Айманов кинотеатрына барды.Ал түстен кейін «Өз қалаңның тарихын біл» атты жоба қорғалды.Бұған ең кіші топтың балалары қатысты.Әр топ өз топтарының аттары жайлы толық ақпарат жинап, солардың есімдерімен аталған көшелерге барып түскен суреттеріне тоқталды.Негізінен, жобаға жақсы дайындалған өте қызықты өтті.Жобаға Абай оқуларына қатысып, жүлдегер атанған балалар «Қарға мен түлкі» мысалын оқып,қонақтарды таң қалдырды.Соңында ата-аналар сөз сөйлеп, өз пікірлерін, тілектерін білдірді.