Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
30-09-2013 03:33
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Құрметті ардагерлер, ұстаз қаумы!

  Сіздерді қазан айында аталып өтетін Қарттар және Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.