Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі басқару күні
10-03-2014 05:38
Өзін-өзі басқару күні

2014 жылғы 7 наурыз күні мектебімізде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты Өзін-өзі басқару күні өтті. 10-11сынып оқушылары өздерін мұғалім ретінде сынап көру мақсатында, таңдаулары бойынша, сабақ кестесіне сай пәндерден сабақ берді. Сабақ жоспарларын мұғалімдер көмегімен құрып, сабақ беруге арналған кеңестер алып, көрнекіліктер әзірледі. Оқушылар сабақ беруге тыңғылықты дайындалды. Сабақтардың берілуін мектеп директоры міндетін атқарған оқушы Алпысбай Асан, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары міндетін атқарған оқушылар: Әубәкір Зейнет, Қажығұмар Ұлжан мен Мұратхан Диана қадағалады. Оқушыларға өздерін мұғалім ретінде сынағаны өте ұнағанын айтты. Мерекелік іс-шараны өткізудің басты мақсаты - оқушылардың өзін-өзі басқару қабілеттерін арттыру, жауапкершілікке, берілген тапсырманы нақ, дәл, өз уақытында орындауға үйрету. Жоғарыда аталып өткен сынып оқушылары бір күн болса да жауапкершілік сезімдерін арқалап, әрқайсысы өздерінің таңдаған пәндерінің иесі ретінде алдын ала пән мұғалімдерімен кездесіп, сабаққа қатысты талаптарды толық орындауға тырысты. Сабақ соңында мектеп оқушыларының жиыны болды. Ол жиында мектеп директоры Алпысбай Асан мектебіміздің жүрегі болып табылатын мектептің мұғалімдерін «Халықаралық әйелдер мерекесімен» құттықтады,мадақтамалар берді. Оқушылардың сауалнамасы негізінде «Ең үздік мұғалім» ретінде 11 сынып оқушысы Қабдулбекова Бақытгүл марапатталды. Жиын соңы мұғалімдерге арналған концертке ұласты.