Нұралин Рүстем Бейбітұлы – бастауыш сынып мұғалімі, жас маман. Педагогикалық өтілімі – 4 жыл. Біздің мектепте 2006 жылдан бастап еңбек етеді. Бірақ осы аз уақыт ішінде өзін шығармашыл ұстаз ретінде көрсете алды.
Оқушылар арасында «Көңілді қуыршақтар» театрын ашып, 2 жыл бойы белсенді жұмыс жүргізіп жүр. Бұл театрдың жұмысы оқушылар мен ата-аналардың көңілінен орын тапты. Ұстаз шәкіртттерімен бірге бірнеше көріністерді мектеп сахнасында қойды.
Рүстем Бейбітұлы қоғамдық жұмысқа да белсене қатысады. Мектепішілік шараларда – жүргізуші.
Ұстаздар мерекесінің алдында қалалық білім бөлімі өткізген «Жыл ұстазы - 2008» байқауына қатысып, соңғы мәресінің «Үміт» номинациясында лауреат атағына ие болды.
Ұстаздық жұмысымен қатар Рүстем Бейбітұлы саяси жұмыспен де айналысады. Ол – «Нұр Отан» партиясының мектеп комитетінің төрайымы, қалалық комитетінің хатшысы.
Жас ұстазды оқушылар, ата-аналар мен әріптестер құрметтейді, сыйлайды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, келешекте биік шыңдардан көріне берсін деп тілейміз.