Құрметті ата-аналар мен қала тұрғындары!
Жаңа 2014 – 2015 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында республика бойынша «Мектепке жол» атты акциясын өткізу жарияланды. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын алу акцияның мақсаты болып табылады.
Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.
Ата-аналардың барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз. Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.
Көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді №2 жалпы орта білім беру мектебінің әкімшілігі бере алады.
Мектеп әкімшілігі