«Қарияларға бас иеміз» мерекелік іс-шара
2014 жылғы 1 қазан күні 3-4 сыныптар арасында Қарттар күніне арналған «Қарияларға бас иеміз» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп ардагерлері мен оқушылардың ата-әжелері қатысты. Оқушылар оларға ән айтып, би билеп, көрініс қойды. Келген қонақтарымыз риза болып, өз лебіздерін білдірді.