Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
8-11 сыныптар арасында "Күзгі бал".
31-10-2014 08:42
8-11 сыныптар арасында
2014 жылғы 24 қазан күні алтын күздің келуіне байланысты 8-11 сыныптар арасында "Күзгі бал" мерекелік кеші өтті. Мерекеге оқушылар белсенділікпен қатысты. Мереке түрлі байқаулардан тұрды. «Күзгі бал» сайысына әр сыныптан ханшайым мен ханзада қатысты. Қатысушылар мынандай кезеңдерден өтті: 1. Әр сынып өз сыныбының атынан күз ханшайымы мен күз ханзадасын таныстыру. 2. Костюм қорғау (күз элементтері міндетті түрде). 3. Шығармашылық қабілеттерін көрсету (үй жұмысы - ән, би, көрініс-үш жанрдың бірі ). Оқушылардың осы кезеңдерден сүрінбей өтуіне сынып жетекшілері, сыныптастары өз үлестерін қосты. Оқушыларымыздың өнерін әділ қазылар алқасы бағалап, кеш соңында қорытындысын шығарды. Қорытынды бойынша күз ханшайымы мен күз ханзадасы атағына ие болған 9 «А» сыныбының жұптары: Манапова Алия мен Безкей Темірлан. Сонымен қатар «Ең көрікті ару» номинациясына 9 «Ә» сынып оқушысы Ілияс Айнұр ие болды. Қатысқан барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен марапатталды. Ал Күз ханшайымына тәж тағылды. Құттықтаймыз!