«Болашақ бүгіннен басталады» атты VІІ облыстық Құрылтай.
2014 жылғы 7 қараша күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Болашақ бүгіннен басталады» атты VІІ облыстық Құрылтай өтті. Іс-шара Павлодар облысы балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымдарының және бірлестіктерінің ынтымақтастығын нығайту және 2014-2016 оқу жылына арналған облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының даму жолдарын анықтау мақсатында өткізілді. Іс-шараға облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары қатысты. Біздің мектебімізден 11 «А» сынып оқушысы Өсербай Еркебұлан және 9 «А» сынып оқушылары: Манабаева Шаида, Төлегенқызы Дания, Пансатбекова Сания қатысты.