Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кеңес Үкіметінің Батыры Махмет Қайырбаев 90 жылдығына орай сынып сағаттары өтті. .
19-01-2015 09:40
Кеңес Үкіметінің Батыры Махмет Қайырбаев 90 жылдығына орай  сынып сағаттары өтті. .

Кеңес Үкіметінің Батыры Махмет Қайырбаевтің 90 жылдығына орай 10 "А" сыныпта сынып сағат өтті. Сынып оқушылары Жумалина Айгерим және Ғаллем Жәнібек оқушыларға  батыр туралы көп қызықты мәліметтер  берді.

Махмет Қайырбаев 1925 жылы қаңтардың 1-і күні Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында дүние есігін ашып, 1996 жылы Павлодар қаласында өмірден өткен. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі.

Қазақ баласы мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-ші танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған.