«Құстар – біздің досымыз»
2016 жылдың 08 сәуірінде мектеп кітапханашыларымен құстар күніне орай « Құстар – біздің досымыз» атты 5 «В» сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру, құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін дамыту, ата-бабамыздың құстарды қалай қастерлеп құрметтегені туралы айтып ой-өрістерін дамыту, оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу .Тәрбие сағаты барысында оқушыларға құстар туралы жалпы мағлұмат беріліп, құстар туралы мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылды. Оқушылар құстар туралы жаттаған өлеңдерін оқыды.Оқушыларға слайд көрсетілді.