Мектебімізде ақпанның 23-і күні үшінші деңгейлікті бітірген мұғалімдер Арынжанова Жанна Дүйсентайқызы мен Қазанғапова Манар Шәкуқызы қала мұғалімдеріне педагогика шеберханасын өткізді. Диалогтық оқыту тақырыбы төңірегінде болды. Қаладағы №7, №41, Мойылды мектептерінен мұғалімдер қатысты. Диалогтық оқыту оқушылар үшін құнды тақырып болып табылады. Біріншіден оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Өз ойын толық, нақты жеткізуге үйренеді.Тіл байлықтары дамиды. Таңдалған тақырып жоғары деңгейде талданып,өз мақсатына жетті.