"Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан" атты концерттік бағдарлама
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерт өткізілді. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 16 Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні баршамызға құт береке алып келсін! Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын!!! Бізге маңызды болып саналатын Тәуелсіздік күні, кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра. Ата-бабаларымыздың қанымен жеткен Тәуелсіздігімізді қорғап, құрметтей білейік. 