«Күншуақты қала» жазғы сауықтыру лагері таңертеңгілік көңілді жаттығудан басталады.Таңертеңгілік астан соң «Потанин» мұражайы, «Жүсіпбек Аймауытов» драмтеатрына және «Өз қалаңды тани біл» топсеруенге барды.Түстен кейін «Екі жұлдыз» музыкалық ән байқауы өтті. Жұппен айтылатын өнерге талантты балалар,тәрбиешілер және тәлімгерлер қатысты. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтауда әділ қазылар алқасы көмектесті. Әр жұп өзінің музыкалық сәлемдемесіне жақсы дайындалған. Байқауға қатысқан балаларға сыйлықтар беріліп, өз алғысымызды білдірдік.