«Рәміздерім - мақтанышым»
«Күншуақты қала» жазғы сауықтыру лагері таңертеңгілік жаттығудан басталады.Көңілді әуенмен жасалынатын сергіту сағатына әр топ өзіндік ерекшелікпен ат салысады. Бұл күні «Нептун» бассейініне, «Ертіс синемаға» және «Өз қалаңды тани біл» серуенге шығу жоспарланған бойынша өтті.Түстен кейін Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыруда оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу барысына арналған іс-шара ұйымдастырылды.