Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып,Отансүйгіштікке тәрбиелеу барысында «Әскери даңқ» мұражайына бардық.Балалар ұрыс алаңын өз көздерімен көріп,жауынгерлердің ерліктері жайлы мағлұматпен танысты.Мұражай жұмыскерлері соғыс кезінде көрсетілген ерліктер және ұрыс алаңында қолданылған техникалық қару жарақтар түрлері жайлы да айтып өтті.Балалар алынған мәліметтеріне риза болды.