Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Балалық шақ Республикасы – 2010»
17-06-2010 18:00
«Балалық шақ Республикасы – 2010»

Біздің мектебіміздің маңында «Балалық шақ Республикасы» лагері өз жұмысын маусымның 2-нші жұлдызынан бастап, 22-нші маусым аралығына дейін өткізілді.

Лагерьдің мақсаты: Балалар мен жас жеткіншектердің азаматтық қоғамда өзін - өзі іске асыра алатын жеке адамның құқығы мен бостандығын қадірлейтін жағдайлар қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Азаматтық ерекшеліктерін, мәдени қарым – қатынастарын

қалыптастыру;

2.Біздің мемлекетіміздің нышандарын қадірлеуге тәрбиелеу;

3.Ұжымдық, шығармашылық істерде көш басшылық және ұлттық

қабілеттерін дамыту;

4.Балалар ұйымын жетілдіру арқылы бір – біріне көмектесуге баулу:

5.Отбасы мен мектепті байланыстыру.

Осы аталған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін 19 қызметкер жұмыс атқарды. Олар лагерь басшысы, аға жетекші- 1, медбике қызметкері – 1, дене шынықтыру қызметкері – 1, ән –күй жетекшісі – 1, тәрбиешілер – 12, психолог – 1, хореограф – 1. лагерьде барлығы 140 бала демалыстарын өткізеді. Оның ішінде аз қамтылған жанұядағы балалар – 96 бала демалыс орындарын өткізеді, толық – 40 бала, жетім балалар – 4-еу.

Лагерде барлығы 6 топ жұмыс істейді. Соның 5-еуінде бастауыш сынып оқушылары, ал 1-еуінде ортаңғы буын оқушыларымен қамтамасыз етілген.

Лагерьде төмендегідей топтар: 1-топ «Балдырған» тәрбиешілері: Ахметжанова С.М, Еримбетова Ж.Б, 2-топ «Жұлдыздар» тәрбиешілері: Намазбаева С.К, Жапарова А.М, 3-топ «Сүйкімді балапан» тәрбиешілері: Арынжанова Ж.Д, Тоқжігітова А.Қ, 4-топ «Бейбітшілік» тәрбиешілері: Нұралин Р.Б, Айтеева Г.А, 5-топ «Әсемпаз» тәрбиешілері: Намазбаева Р.Ж, Касымова А.К, 6-топ «Достық» тәрбиешілері: Гросс Д.В, Мухамеджанова А.Б жұмыс атқарды. «Бейбітшілік» тобында бала бақшамен қоштасқан бүлдіршіндер біздің лагерімізде демалыстарын жалғастырды.

Лагерьдің жоспары бойынша қызықты іс – шаралар үнемі өткізіліп тұрды. Әрбір күн қызықты өту үшін тәрбиешілер мен аға жетекші түрлі сайыс, шаралар өткізіп отырды. Атап айтсақ, алғашқы күн «Салем, жаз!» «Жолда сақ бол!» қызықты бағдарламасын аға жетекшісі мен дене шынықтыру жетекшісі өткізіп, балаларды бірінші күннен бастап қызықтыра алды. Денсаулық күніне «Жедел жәрдем» қызықты сайысы, «Денсаулық құпиясы» деген сурет көрмесі өтті. Онда барлық топ балалары өз білгендерін қағаз бетіне түсіру арқылы өнерлерімен танылған балалар болды. Олар 5 топта - Өсербайұлы С, Сайдығалымов М, 1 топта – Сериков Ә, Канапин А мақтау қағазымен марапатталынды. Осы күнге байланысты медицина қызметкері санитарлық жағдайды және оқушылардың бойын, салмағын өлшеді. Әр топ денсаулыққа байланысты пайдалы кеңестерге ақпарат берді. «Әсемпаз» тобынан Өсербайұлы Серікжан «Итмұрынның пайдасы» - туралы айтып берді. Қызығушылықпен қатысқан балаларға мадақтама қағазы берілді.

2 маусым «Танысу күні». Бұл күні әр топ бір – бірімен танысып, әндерін, ұрандарын жаттады. Топта «Танысайық!», «Телефон»- ойыны ойналып пікір айтылды. 4 маусым «Мемлекеттік рәміздер» күні болды. Әр топтар «Менің Қазақстаным!» атты суреттік көрме ұйымдастырды. Оның ішінен мазмұнды, көрікті сурет салғандары үшін мына оқушыларды марапаттадық 1-топтан Даулетова Мадина, Жанзакова Аяжан, 2-топтан Садыков Аян, Қабдолла Еламан, 3-топтан Сатыпалды Риза, 5-топтан Айдаров Ислам, Абылғазин А, 6-топтан Ораз Ж, Айтказинова Ә. Осы күнге байланысты: «Рәмізіміз – Егемендік белгісі» атты сайыс өтті. Жеңімпаз атанған топ – «Әсемпаз» және «Сүйікті балапан».

Жол белгілері күніне байланысты қозғалыс ережелерін есте сақтау туралы бағдарлама арқасында өз білгендерін ортаға салды. «Балдырған», «Бейбітшілік», «Әсемпаз» топтар үшін «Жолда сақ бол!» атты шара өтті. Онда жол белгілерін атады, көрініс көрсетілді, жолда жүру ережесіне байланысты суреттер салынды. «Жұлдыздар», «Сүйікті балапан», «Достық» топтары үшін медбике қызметкері «Жол жарақаты» туралы мәлімет берілді. 2 бөлімге берілген тапсырманы орындап «құпиялы хатта» берілген тапсырманы қимылдар арқылы көрсетті. «Абайла бағдаршам!» бөлімінде көліктер құрастырды және сипаттады. Қорытынды нәтижесі: 4,5 топ -20 ұпай, 1 топ -19 ұпаймен марапатталып, жұлдызша алды..

Отбасы күні ата – аналар мектепке шақырылып К.К. Тезекбаевтің басқаруымен эстафеталық жарыс: «Отбасы және мен» атты қызықты жарыс өткізілді. Әр топтан бір ата – анадан қатысты. Жеңімпаз атанған «Балдырған» тобы. Әр топтар арасында шара өткізілді. Тақырыбы «Отбасы достығы». Бұл шарада 1 орынға ие болған «Сүйікті балапандар» - тобы. Олар «Әке мен бала» көрінісі, «Отбасындағы мейірімділік» - туралы сурет салынды және сауалнама жүргізілді.

«Ашық аспан аясында», «Бұқар жырау», «Майра Шамсутдинқызы» және «Потанин» атындағы мұражайларға шыққан топ серуендерден балалар өздеріне көп әсер алды.

«Сұлулық күнінде» әр топ ұсынған сұлу арулары өз өнерлерін әр сайыстарда көрсете білді. «Жаз аруы – 2010» номинациясын 5 топ аруы Мубаракова Еркежан жеңіп алды. Бұл бала сыйлықтар және марапаттау қағазымен марапатталды. «Әлем халықтарының достығы» күнінде әр топ балалары еліміздегі көп ұлтты халықтарымен, өнерлерімен, дәстүрлерімен, тағамдарымен таныстырды. Мысалы; өзбектер, қазақтар, сығандар, грузиндер, поляктар салт – дәстүрлерін көрсетіп өнерлерін көрсетті.

«Ертіс – Синема» «Ш.Айманов» кинотеатрларында тамашалаған кинолар мен мультфильмдер балалар көңілінен орын таба біледі. Көрген кинолары туралы топта жағымды және жағымсыз кейіпкерлер туралы пікірлеседі.

Емдік массаждар, бассейндер, қозғалмалы жаттығулар арқылы балалардың денсаулықтарын нығайтуға көп көңіл бөледі. «Нептун» бассейніне балалардың жас ерекшеліктерін ескере келе, жұмасына 1 рет апара отырып денелерін шынықтыруға үлес қостық. Халықаралық достар күніне байланысты әр топтарда «ауруға қарсы» - атты психолог тренинг өткізді. Оқушылар арасында «Досымның келбеті» атты сурет сайысы, «Достарымның арасында» атты эстафеталық жарыс К.К. Тезекбаевтің ұйымдастыруымен өтті.

Әр топта «Біздің жетістігіміз!» деген бұрыш болды. Бұл бұрышта топтарға жұлдызша берілді. Лагерьдің соңғы күнінде мына топтар көп жұлдызша жинап мадақтамамен марапатталды. Олар «Жұлдыздар», «Сүйікті балапан», «Әсемпаз» топтары.

Лагерьдің соңғы күнінде өнерлі балалармен үлкен мерекелік концерт ұйымдастырдық. Осы лагерь кезінде ұйымшылдықпен қатысқан балаларға:

Озық – ойлы бала, өнерлі бала, мәдениетті бала, білгір бала, ұшқыр – ойлы бала, қайырымды бала деген бала танымына байланысты мақтау қағаздармен марапатталды. Лагерьден алған әсерлерін әр топ альбом бетіне түсіріп тәрбиешілерге өз алғыстарын білдірді.

Балалардың әр күні қызықты да, тартымды өтуі үшін лагерь ұжымы жұмыла ат салысты.

Лагерь басшысы: Бушумбаева М.Х.

Аға жетекшісі: Ташенова Г.К.