«Ең ақылды оқушы» интеллектуалдық ойын
Мектебімізде бастауыш апталығына орай 12 сәуір күні сағат 15.00 де 3 сыныптар аралығында «Ең ақылды оқушы» атты интеллектуалдық ойын өткізілген болатын. Әрбір 3 сыныптардан 2 оқушыдан қатысты. Интеллектуалдық ойын оқушылардың біліктілігін, шапшаңдылығын, ой жүйріктігін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Ойын 4 айналымнан тұрды.Олар:
1. Құпия сандық
2. Ойлан тап
3. Айшықты сөздер
4. Білгенге маржан
Оқушылар белсенді қатысып, 4 айналымнан сүрінбей өтті. I орынға ие болған 3 «А» сынып оқушылары, II орын 3 «В» сыныбы иеленді, III орын 3 «Ә» сыныбы алған болатын.
Ұйымдастырушы: бастауыш сынып мұғалімі
Смағұл Жангерим Ергалиевна