ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ ІС-ШАРА
Дүйсенбі күні №2 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залында «Күншуақты қала» сауықтыру орталығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізілген апталық іс-шаралар бойынша қорытынды жасалып, конференция өткізілді. Оған сауықтыру орталығының әкімшілігі, топ тәрбиешілері және демалушылар қатысты.
Бұл күні сәнді безендірілген сахна өте тартымды көрінді. Мерекелік шара ЭКСПО-2017 көрмесі туралы бейнефильмнан басталды. Тарих пәнінің мұғалімі Ерғалиев Қанағат Советұлы аталмыш жоба туралы шағын баяндама жасап, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, апта барысындағы «Шығармашылық шеруі», «ЭКСПО – балалар көзімен...» суретшілер шеберханасы және «Жас қолөнершілер» сынды іс-шараларда ерекше белсенділік танытқан демалушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Соңынан конференция тындармандары шығармашыл балалардың еңбектерімен тамашалады.
Айгүл МОЛДАШ.