«Сақта жолдың тәртібін» атты сынып сағаттары
Жол ережесін білу өмірімізді кездейсоқ оқиғалардан сақтайды. Қаламызда көлік саны жылдан – жылға артып келеді. Осыған байланысты мектебімізде 1-11 сыныптар аралығында «Сақта жолдың тәртібін» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру; жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту; оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Балалар - біздің болашағымыз. Оларды тіршіліктегі алуан түрлі кездейсоқ апаттардан сақтап, еліміздің нағыз жігерлі де, білімді азаматтары етіп тәрбиелеу мұғалімдердің басты міндеті.