«Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз»
22 наурыз күні мектеп алаңында 40 балабақша, жігер клубтарымен бірлескен наурыз мерекесі тойланды. Шағынаудан тұрғындары, ата-аналар, оқушыларға арналған концерт қойылды. Спорттық ойындар ойнатылып, мерекелік дастархан жайылды. Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алдық.