Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалаудың ерекшеліктерін ЖТБО технологиясында қолдану»
28-03-2018 12:13
«Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалаудың ерекшеліктерін ЖТБО технологиясында қолдану»

2018 жылғы наурыздың 28 жұлдызында қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша «Жеке тұлғаға бағытталған» технологиясы бойынша қалалық шығармашылық тобының кезекті отырысы өтті.Семинарды қалалық шығармашылық тобының мүшелері Сарсебаева Жанна Оразовна және Еркасова Алия Шаймуратовна № 2 ЖОМ-ның бастауыш сынып мұғалімдер өткізді.Семинарға № 2,16, 30,КЖОМ,Жетекші жалпы орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.Семинардың тақырыбы «Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалаудың ерекшеліктерін ЖТБО технологиясында қолдану» . Топ мүшелері технологияның тиімділігін ортаға салып, туындап тұрған мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын табуда өз пікірлері мен тәжірибемен алмасты. Осы технология келген қонақтардың көңілдерінен шығып, алдағы уақытта сабақта қолданамыз деген ойға келді.
ЖТБО технологиясының қалалық шығармашылық тобының жетекшісі №2 ЖОМ-ның бастауыш сынып мұғалімі Сарсебаева Ж.О.