Тіл апталығының қорытындысы
Тіл апталығының қорытындысы мерекелік шарамен ұласты. Мектебімізде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. 8-9 сыныптар сахналық қойылым көрсетіп, әр ұлттың тарихымен, ұлттық тағамымен, ұлттық киімімен таныстырып өтті. Әр сынып ерекшеліктерімен көзге түсті. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.