Жемқорлыққа жол жоқ!!!
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 5 желтоқсан күні мектебімізде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп парламентінің министрлері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру. Нәтижесінде өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды, дүниетанымдары кеңейеді және де патриоттық тәрбие қалыптасады. Дөңгелек үстел соңында бейнеролик көрсетіліп, туындаған сұрақтар талқыланды.