Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектебімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы өтті
11-03-2019 09:50
Мектебімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы өтті

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мереке өткізілді. Мәжіліс залы гүлдермен, шарлармен безендірілді. Қызықты шара әсем безендірілген мұғалімдерге, аналарға, әжелерге арналған құттықтау – слайдтары арқылы ұйымдастырылды. 

Концерттік бағдарлама мектеп директоры Асылбекова Надежда Бакубаевнаның құттықтау сөзінен басталды. Өз сөзінде барлық қыздарды, әріптестер әйелдерді 8 наурызбен құттықтап, мықты денсаулық, ашық аспан тіледі. Балалар бұл шараға аса жауапкершілікпен дайындалды. Әр сынып оқушылары қызықты нөмірлерді дайындады: әсем әндер, әдемі билер, өлеңдер,ойындар ұйымдастырылды. Әр нөмірге міндетті түрде ұл балалар қатысты. Атап айтсақ, 9 сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылды. Әділқазылар алғасы мектеп директоры Асылбекова Надежда Бакубаевна, мектебіміздің президенті Казанғапов Диас және мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Камалиденова Айман Жамекеевна әділ баға беріп, қатысушылар дипломдармен марапатталды. Оқушылар мұғалімдерін және сыныптас қыздарды мерекемен құттықтады. Аналар туралы әсем әндер мен өлеңдер айтылды.