Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2018-2019 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиет апталығы туралы ақпарат
10-05-2019 11:11
2018-2019 оқу жылындағы  қазақ тілі мен әдебиет апталығы туралы  ақпарат
2018-2019 оқу жылының мектептік жоспарына сай сәуірдің 22 – 27 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті.
Апталық аясында 5 – 11 сынып оқушылары арасында бірнеше ашық шаралар ұйымдастырылды.
5-сынып оқушыларымен «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайыс сабағы өтті (жауапты Ж.Ш. Қалымова). 6-сынып балаларымен «Абайды оқы, ерінбе...» атты Абайдың шығармалары бойынша сайыс өткізілді. Сонымен қатар,                    6-сынып құрамды командасы орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылған Ә.Кекілбаев әдеби кешіне қатысып, жеңімпаз атағына ие болды (жауаптылар: Г.Ш. Жәменкенова мен С.К. Құсманова). 7-сыныптардың арасында «Абай және оның әндері» оқулар сайысы өтті (жауапты А.Қ. Кәрібаева). 8-сынып оқушыларымен «Қызықты қазақ тілі әлемі» және «Кім жүйрік?» сайыс сабақтары өткізілді (жауаптылар:                      Қ.С. Табулова мен Е.Х. Рамазанова). 9-сынып шәкірттерімен «Ұлы дала перзенті» атты әдебиет білгіштерінің интеллектуалдық сайысы өтті (жауапты Г.Қ. Сапина). 8-11 сынып оқушыларымен «Жалынды жастар – еліміздің жарқын болашағы» тақырыбына эссе жазылды (жауаптылар: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері). Апта бойы мектеп кітапханасында «Тіл – ұлттың тірегі» көрмесі жұмыс жасады (Е.К. Тлегенова).
 Апталықта белсендік танытып, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар  марапатталды.