Состоялось общенациональное родительское собрание, посвященное Международному дню семьи
Халықаралық отбасы күніне арналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, қамқоршылық кеңестердің өкілдері, қалалық білім беру бөлімінің мамандары қатысты. Жиналыстарда мектеп басшылары әртүрлі тақырыптарда сөз сөйледі. Ата-аналарға 9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы, оқу жылының қорытындысын шығару, оқушылардың білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды.
Балалардың жазғы демалысы қарсаңында ата-аналар балалардың бос уақытын, сауықтырылуын ұйымдастыру туралы сұрақтар қойды. Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы күні ата-аналар мектеп басшылығымен, мұғалімдермен кездесуге және ағымдағы мәселелерді, келесі оқу жылына арналған жоспарларды талқылауға мүмкіндік алды.