«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында әйгілі абайтанушы Әсенов Даниял Сабырұлы Абай сабағын өткізді.
Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған Абай сабағына қатысып, тағылымы мен танымы мол мағлұмат алып, білімдерін ұштай түскендері үшін айтар алғысымыз шексіз.