Құттықтаймыз!
Қыркүйек айында өткен "JASTARSPORTFEST" облыстық жобасының іріктеу кезеңінде №2 жалпы орта білім беру мектебінің спорт командалары жеңістермен оралды. Мектептің қыздар командасы волейболдан II орынды иеленсе, ұлдар командасы футболдан III орынды қанжығасына байлады. Оқушыларды дайындап, жетістікке жеткізген жетекшілері - Бихиянов Солтанбай Амантаевич және Айтжанов Серік Болатович. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты насихаттап жүрген ұстаздарымызды және мектеп командасын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!