Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«АТАЖҰРТ» этноматематикалық танымдық ойыны
11-10-2019 16:10
«АТАЖҰРТ» этноматематикалық танымдық ойыны

2019 жылы 10 қазанда, сағат 13.00-де «Павлодар қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебі» ММ базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «АТАЖҰРТ» этноматематикалық танымдық ойыны өтеді.
Тарихи ойынның мақсаты – білім алушыларға Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының мәні, «Туған жер» бағдарламасы туралы түсінік беру, бағдарламаның мақсатын ұғындыру, өз туған жерінің табиғатын, тарихын, байлығын зерделеуге тәрбиелеу болды.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында біздің мақсатымызды айқындап, бағытымызды белгілеп берді. Ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Алдымызда үш тілде білім беру, латын әліпбиіне көшу, ұлттық кодты сақтай білу, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстыру, туған жердің салт-дәстүрін, мәдениетін дамытып жүрген, заманауи Қазақстанды жасап жатқан адамдарды таныту, қолдау.
«Атажұрт» этноматематикалық танымдық ойыны «Павлодар қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебі» ММ базасында өтеді. Этноматематикалық танымдық ойынға ПМПУ-дың педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Муканова Жазира Гафуровна шақырылды. Қазақы өлшем бірліктер мен Қазақстанның қалаларына байланысты санмен өрнектелген есептер, тапсырмалар беріледі. Оқушылар мәліметтермен таныса отырып, өздерінің алған білімдерін көрсетеді.